RU
Экс-депутат зорлады деп шағымданған бойжеткеннің өзі сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Экс-депутат зорлады деп шағымданған бойжеткеннің өзі сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Өскеменнің бұрынғы депутаты зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен үш жылға сотталды деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Астрахань FM

Көрнекі сурет: Астрахань FM

Бойжеткенмен бірге тұрған азамат жалған шағымды ұйымдастырғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

"Ойластырылған жалған шағым ел алдында масқаралауға жатады. Осыған байланысты зерттеу арыздың келіп түскеніне қарамастан жүре береді", - деді судья Назгүл Рахметтуллина.

Еске салайық, Елена Иванова өзінің бастығы, бұрынғы депутат Ержан Скаковқа зорлады деп айып таққан болатын. Кейін Скаков ақталғанымен, зорлау дерегі дәлелденбеген еді. Бұдан кейін Елена мен оған көмектескен Скаковтың туысы Оразбек Қатпановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жалған айып таққаны үшін, ал Оразбек сол жалған шағымды ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Іс Шемонаих аудандық сотында қарастырылды. Иванова мен Қатпанов кінәлі деп танылып, екеуі де бас бостандықтарынан айырылыпты. Бұл туралы ШҚО облыстық соты да мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel