RU
Алматы облысында кілем жумақ болған жүкті әйел су арнасымен ағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында кілем жумақ болған жүкті әйел су арнасымен ағып кетті

Рассказать Вконтакте

Үлкен Алматы арнасына түсіп кеткен Әсия Мұсаеваны үшінші тәулік бойы іздеп жатыр. Құлап кеткеннің салдарынан оны су ағыны алып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: informator.ua

Көрнекі сурет: informator.ua

Туыстарының сөзінше, әйел өзінің күйеуімен бірге арнаға барып, сол жақта кілемдерін жумақ ниетте болыпты.

Жоғалып кеткен әйелдің әпкесі Әсияның жоғалғанына үшінші тәулік өткенін айтты.

Туыстарының айтуынша, ол құлап салдарынан суға түсіп кеткен. Күйеуі оны құтқару үшін артынан суға түскенімен, сумен бірге ағып бара жатқан әйеліне жүзіп жете алмапты. Кейін ол судың астына жасырынып кеткен, сол сәттен кейін күйеуі оны көрмеді.

Белгілі болғандай, өтіп бара жатқан белгісіз біреу Әсияны құтқару мақсатында пластикалық бөтелкелер де лақтырған екен. Бірақ онысы сәтсіз болыпты.

Әйелдің екі баласы болғаны және жүкті екені белгілі болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel