RU
Көптен бері бой көрсетпеген Айсұлтан Назарбаев жұртты алаңдатып қойды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Көптен бері бой көрсетпеген Айсұлтан Назарбаев жұртты алаңдатып қойды

Рассказать Вконтакте

Интернет кеңістігінде ел назарынан тыс қалып қойған Айсұлтан Назарбаевтың қайда "жоғалып кеткені" қызу талқыға түсуде. Желі қолданушылары президенттің бой көрсетпей кеткен немересін таба алмай әлек деп жазады NUR.KZ.

Фото: facebook.com/aisultan.nazarbayev

Фото: facebook.com/aisultan.nazarbayev

Желідегі әңгіме қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевтың Facebook-тегі жазбасынан кейін ушығып кетті. Ол "Нұрбанк" қызметкерлерін өлтіргені үшін сотталған болатын. Алайда, қазіргі таңда шетелде жүр.

Өзінің жазбасында ол Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанды өз еркінен тыс ұстап отырғанын мәлімдеді.

Мұсаевтың жазбасы желіде шу көтерді. Кейбір оқырмандар бұрынғы шенеуніктің сөзіне сенбей, президент немересі бар болғаны жеке өмірін ел алдына шығарғысы келмейтінін себеп қылуда.

Басқа желі қолданушылары Айсұлтан ауқатты адамдармен келіспей, орын алған кикілжің салдарынан шетелге кетіп қалғанын айтуда.

Оқырмандардың үшінші тобы президент немересінің босап шығуы үшін қолдан келер көмекті аямайтынын жеткізуде.

Басылымның мәлімдеуінше, соңғы кездері Айсұлтан жайлы шынымен де жөнді ақпарат жоқ.

2017 жылдың басында ол отандық футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалып, кейіннен лауазымды қызметінен кетіп қалған болатын.

Содан бері оның немен айналысып жүргені жайлы белгісіз болып отыр.

Өзінің Facebook-тегі парақшасына президент немересі өткен жылдың 19 қыркүйегінен бастап жаңа жазбалар салмаған. Оның жүктеген соңғы посты Астанадағы марафонға қатысты болды.

Желі қолданушылары Айсұлтанды тіпті өзінің туған қарындасы Венераның үйлену тойында да байқамаған.

Дариға Назарбаеваның басқа балалары анда-санда ел алдына шығып тұрады.

Мәселен, Венера Алиева жақын арада Дален Шайжүнісовтың ұлына тұрмысқа шықты. Жас жұбайлардың тойындағы суреттері көпшілікті тәнті еткен болатын.

Ал Нұрали Алиев жолбарыстар санын қалыпқа келтіру қорын құрды. Жобаның ашылуында Айсұлтан Назарбаев тағы да бой көрсеткен жоқ.

Бұл мәселелердің барлығы президент немересінің қайда жүргені жайлы көптеген ой туғызады.

Сіздің реакцияңыз
12
1
7
10
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel