RU
Дәрігерлер ақтаулық бойжеткеннің асқазанынан үш келі шаш алып шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Дәрігерлер ақтаулық бойжеткеннің асқазанынан үш келі шаш алып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының хирургтері 12 жасар жеткіншектің асқазанынан 35 сантиметр болатын шаш алып шыққан. Оның салмағы - 3 келі 560 грамм. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Lada.kz

Сурет: Lada.kz

Хирургтің сөзінше, шаштың көлемі үлкен болғаны сонша, ол асқазанның ішін толықтай қамтып, тамаққа орын қалдырмаған.

"Ақуыздың жалпы көлемінің төмендігі мен қыздың аяқтары ісе бастағанынан оны екі күн бойы отаға дайындадық. Маған Жәнібек Теміров көмек берді, отаны жалпы наркозбен ашық түрде өткіздік. Асқазан үлкен болып кеңейіп кетіп, кіші жамбасқа қарай түсе бастапты. Асқазанды ашу барысында біз қатты шаш дөңгелегін байқадық. Оның салмағы 3 келі 560 грамм болды. Шаштың соңы ұлтабар жақта болған. Асқазанды шайып, тігіп тастадық. 13 шілде күні өткен ота сәтті өтті, болжамы жақсы. Емделушінің тәбеті де қалыпты, себебі оның асқазаны босаған. Бүгін үйіне қайтардық", - деді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сұлтанбек Тұмашев.

Жеткіншектің анасы айтқандай, ол бірнеше жыл бойы шашының түбін жұта берген. Соңғы екі-үш жылда қыздың құсқысы келіп, бозарып кетіпті, тұйық бола бастаған, оған қоса іші де үлкейді. Компьютерлік томография кезінде қыз баланың асқазанынан ірі көлемді шаш байқалған еді.

Сұлтанбек Тұмашев шаштарын жұта беретін балалардың шаштары асқазан ішінде жинақтала беретінін айтты. Салдарынан тамақ сіңбей, анемия туындайды екен.

Сурет: Lada.kz

Сурет: Lada.kz

Бұл 33 жыл еңбек өтілі бар хирургтың тәжірибесіндегі екінші жағдай екен. Бірінші отаны ол 1987 жылы Жетібайдан келген қыз балаға жасапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel