RU
Аштықтан қайтыс болған үш жасар қыздың ата-анасы өлім жазасына кесілмек
Жаңалықтар Әлемде

Аштықтан қайтыс болған үш жасар қыздың ата-анасы өлім жазасына кесілмек

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Юта штатында аштықтан қайтыс болған үш жасар қыз ата-анасынан қорлық көріп жүрген. Олар балақайға тамақ бермей, қызық көріп видеоға түсріп жүріпті. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

25 жастағы Миллер Костелло мен 23 жастағы Бренда Эмиль қыздарына тамақ бермей, аштан қалдырған. Олар үш жасар балақайдың тәбетін ашып, камераға түсіруді де әдетке айналдырыпты. Бір бейнежазбада анасы Анджелинаға жұмыртқа ұсынса, келесісінде үш жасар бүлдіршін бауырларын тамақтандырып отырған екен. Алайда, екі видеода да анасы "ха-ха, саған тамақ жоқ" деп асын тартып алған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қайтыс болған баланың денесі көк ала қойдай болып шығыпты. Тергеу барысында Анджелинаның өмірі азаптан құралғаны анықталған. Алайда өз қыздарын өлтірген жұбайлар кінәларын мойындап отырған жоқ. Енді сот оларды өлім жазасына кеспек.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
9
6
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel