RU
"Аминка-витаминка" атанған сүйкімді қыз алматылықтарды қалай алдады?
Жаңалықтар Қоғам

"Аминка-витаминка" атанған сүйкімді қыз алматылықтарды қалай алдады?

Рассказать Вконтакте

BI Group Алматыдағы «үш мыңыншы» клиентін, құттықтап ұмытылмас тосынсый жасады. Бұл қалыптасқан дәстүр Астанадан басталған еді, бүгін де компанияның елордада тұрғызған тұрғын үй кешендерінде 35 мың тұрғын тұрып жатыр. Десе де, алматылықтар да қалар емес, бұл жолы үш мыңыншы клиенті болу мәртебесі Art Residence тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған Серікхан Көпжасаровқа бұйырды. Ол сыйлық ретінде, осы тұрғын үй кешенінен паркингке ие болды.

Аминка-витаминка алматылықтарды қалай алдады

"Біз, шынымызды айтсақ, мұндай тосынсыйды күтпеген едік. Бізге Айтолқын есімді менеджер бір сұрақ бар, соны нақтылау керек деп қоңырау шалды. Белгіленген уақыт сағат күндізгі үш, кешікпей жеттік. Сөйтсек, бізді онда сыйлық күтіп тұр екен", - дейді Серікхан Көпжасаров.

Аминка-витаминка алматылықтарды қалай алдады

"Біз клиенттерімізді сату орталығына, келісімшарттағы кеткен қателікті түзету үшін шақырған болатынбыз, әкесі мен баласы соңғы сәтке дейін ешнәрседен бейхабар болды. Біздің команданың жасаған құттықтауы олар үшін күтпеген тосынсый болды", - дейді BI Development Almaty бас директоры Айдос Мукатаев.

Аминка-витаминка алматылықтарды қалай алдады

Иә, шын мәнінде мұны ешкім де күтпеген-ді. Менеджер өзімен бірге, балабақша жабық болғасын кішкентай қызының болатынын ескерткен болатын: «Әйгерім еш кедергі келтірмейді, жәй ғана сурет салып отырады. Шын мәнінде, Әйгерім боп рөл ойнап, қуаныш иелерін құттықтаған қазнеттің ең танымал бүлдіршін қызы Аминка-витаминка еді.

Аминка-витаминка алматылықтарды қалай алдады

Серікхан Көпжасаров:

"Бізге BI Group-тың үйлері ұнайды. Біз өзіміз компанияның «Асыл тау» тұрғын үй кешенінде тұрамыз, пәтерді өткен жылы сатып алдық. Сапалы, ұйымшыл ұжым, қандай да бір сұрақ болса, уақытында келіп, көмектеседі.BI Group ұжымына денсаулық, бақыт, үлкен табыс тілеймін. Компанияңыз өсіп-өркендей берсін!"

Аминка-витаминка алматылықтарды қалай алдады

Айта кетейік, BI Group Алматыда 2012 жылдан бері тұрғын үй құрылысымен айналысып келеді. Компанияның тұрғын үй кешендері: "Асыл Тау", "Сезам", "Аманат", Bereket, Art Residence, "Жетісу", Gagarin Park, Central Avenue және Gulder.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel