RU
Ақтөбеде күйеуімен ұрысып қалған әйел халаттың белбеуіне асылып өлмек болған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде күйеуімен ұрысып қалған әйел халаттың белбеуіне асылып өлмек болған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде күйеуімен жанжалдасқан әйел өз халатының белбеуіне асылып қалмақ болған. Бұл туралы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz
Source: UGC

15 шілде күні жас әйел жансақтау бөліміне түскен. Үйде болған ұрыстың салдарынан келіншек өз халатының белбеуіне буынып өлгісі келіпті.

Ақтөбеде мұндай қайғылы жағдайлар аз емес. Тіпті, бір аптаның өзінде өңірде бес адам өзін-өзі өлтіруге әрекет жасап, біреуі о дүниеге аттанған.

Фото: yntymak.kg

Фото: yntymak.kg
Source: UGC

Өткен бейсенбіде 82 жастағы ер адам сірке суын ішіп, жан сақтау бөліміне түссе, 13 шілдеде шынтағы кесілген азамат ауруханаға жеткізілген. Ол әкесінің өлімінен кейін өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарыпты.

Ал түрмеде отырған Вадя есімді жігіт теледидар кабелін суырып, буынып өлмек болған. Ер азамат ұрлық жасағаны үшін үш жыл алты айға сотталған екен.

16 шілде күні Қандыағаш ауданынан ер адамның мәйіті табылды. Ол өз үйіндегі люстраға асылып қалыпты. Үйде болған ұрыстан кейін азаматтың әйелі кетіп қалған көрінеді. Марқұм электрик болып жұмыс істеген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel