RU
Ақтауда айуандықпен өлтірілген КВН-шінің ағасын алаяқтар алдап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда айуандықпен өлтірілген КВН-шінің ағасын алаяқтар алдап кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтауда айуандықпен өлтірілген КВН жұлдызы Данияр Әлімбаевтің ағасын алаяқтар алдап кеткен. Бұл туралы ақтөбелік жазушы Мади Раимов өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Марқұм Данияр Әлімбаевтың ағасы алаяқтардың алдауына түсіп қалған. Жерлеу рәсімінен кейінгі күні оған белгісіз біреулер «Жайдарман» КВН Одағынан хабарласып тұрғанын айтыпты. Олар Даниярдың отбасына көмек ретінде 1 миллион ақша жинағанын, алайда оны жіберу үшін алдын ала 90 мың теңге төлеу керектігін айтқан. Есін жия алмай отырған отбасы мүшелері бұл арбаудың құрсауына түсіп қалғанын өздері де түсінбей қалыпты.

«Даниярдың ағасы өте қарапайым және ашық адам. Ол артық ойсыз алаяқтардың картасына ақша аударып жіберіпті. Ал олар телефондарын бірден өшіріп тастаған»-дейді Мади Раимов.

Сіздің реакцияңыз
1
4
6
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel