RU
"Қамшымен сабаймыз": Байзақова Қазақстанда нағыз еркек қалмағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қамшымен сабаймыз": Байзақова Қазақстанда нағыз еркек қалмағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Атышулы блогер Айжан Байзақова Қазақстанда нағыз еркектерді "Қызыл кітапқа" енгізу керек екенін айтты. Бұл туралы бойжеткен өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Фото:Go11.kz

Фото:Go11.kz

Айжан Байзақова Қазақстанда нағыз еркектердің азайып кеткенін айтып, дабыл қақты. Ол бұрынғы жігіттер барлығын жұдырықпен шешетінін, ал қазір қарулары мен пышақтарына ғана сенетінін айтып қынжылды.

«Мені де мектепте қыздар ұрған кездер болды. Алайда сол кезде пышақ қолдану деген ой мүлде болмапты, мен тек өз-өзімді қорғау үшін жаттығу жасай бердім», - деген ол өз жазбасында.

Сондай-ақ, Instagram жұлдызы құқық қорғау органдары халықты қорғай алмаса, бұзақы жігіттерді "жезөкшелерді ұрғандай" қамшымен жазалауға шақырды.

Оның айтуынша, бұлай істемесе, Қазақстанда аман қалу да мүмкін емес екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
6
6
2
3
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel