RU
Алматыда баласы бар әйелді жалаңаш күйінде қуған ер адам ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда баласы бар әйелді жалаңаш күйінде қуған ер адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда баламен келе жатқан келіншекті қуған ер адам ұсталды. Оның өзімен бірге құжаттары жоқ екен. Бұл утралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кадр/ видео: NUR.KZ

Кадр/ видео: NUR.KZ

102 кезекшісіне ешқандай ақпарат келіп түспеген. Күдікті адам жайлы полицейлер NUR.KZ порталының тілшілерінің арқасында білді.

"Аталған мекенжайға полиция қызметкерлері аттанды. Олар әйел адам шағымданған ер адамды мас күйінде ұстады. Екі сөздің басын қоса алмай тұр. Қазіргі таңда полиция бөлімшесінде. Қазір ол ешқандай қауіп төндіре алмайды. Қоғамнан аластаттық. Есін жиғасын, тергеу амалдарын бастаймыз", - деді құзырлы органның баспасөз қызметінің өкілдері.

Белгілі болғандай, 43 жастағы ер адам Еңбекшіқазақ ауданының тумасы, бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған екен.

Қазір ол Қылмыстық Кодекстің "Жас жеткіншектерге зорлық-зомбылық сипататағы әрекет көрсету" бабы бойынша күдікті.

Жүргізілген тергеу амалдарынан кейін уақытша қамау изоляторына жатқызылады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
4
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel