RU
Алматыда оқушыны бірінші сыныпқа дайындау үшін қанша теңге кетеді?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда оқушыны бірінші сыныпқа дайындау үшін қанша теңге кетеді?

Рассказать Вконтакте

Алматы барахолкасында ұл баланы бірінші сыныпқа дайындау үшін ең қажетті дүниелеріне ғана 25 мың теңге кетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Көрнекі сурет: kapital.kz

Көрнекі сурет: kapital.kz

"Бұрын тамыз айында жәрмеңкелер өтіп, бір айларда арзан болатын. Қазір бұл өзекті емес, себебі киім-кешек өте көп. Біз мектеп формасын жыл бойы сатамыз. Мектеп формасының жаңа үлгілері мамырдың соңынан бастап қазан айына дейін келіп тұрады. Әрине, алдыңғы жылдан қалып қойған костюмдер 5000 теңгеге арзанырақ болады, бірақ барлық өлшемдері қалмайды. Қазір ең жылдам өтіп жатқан тауар - екі шалбары бар костюм. Оның бағасы - 15 мың теңге. Ал, қыздардың сарафандары - сегіз мың теңге", - дейді сатушылар.

Бағалар көрсеткендей, ұл баланың формасы қыз баланікіне қарағанда арзанға шығады екен. Себебі нәзік жандылардың алатын дүниелері көп.

"Қыз баланы киіндіру қымбатқа соғады. Оған форма мен кезекші жейделерден басқа, колготки, банттар мен шаш қыстырмалары керек. Осы заттардың өзі 3000 теңгедей болады. Баланың жасына байланысты керек жабдықтар да көбейе береді", - деді алматылық келіншек.

Егер, ең қажетті ғана дүниені сатып алар болса, онда ұл балаға шамамен 25 мың теңгедей кетеді. Жейдесі екі жарым мың, үштік-костюм бес мың, спорттық киім бес мың, кроссовки үш мың, туфли төрт жарым мың теңге болады. Ал қыз балаға 30 мың теңгедей қаражат жұмсалатын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel