RU
Мешіт алдында бөксесімен билеген танымал блогер сынның астында қалды
Жаңалықтар Әлемде

Мешіт алдында бөксесімен билеген танымал блогер сынның астында қалды

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік 20 жастағы блогер Анастасия Малышева Қазан қаласындағы мешіт алдында бөксесімен билеп, оқырмандарының ауыр сынына қалды. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Анастасия - ресейлік ТНТ арнасындағы "Билер" шоуының бұрынғы қатысушысы. Ол жақында ғана Қазан қаласында демалып, қысқа шортымен түскен суретін видеомен қоса өз парақшасында жариялаған еді.

Видеода көрініп тұрғандай, бойжеткен жанындағы екі досымен бірге Қазан қаласындағы Күл-Шариф мешітінің алдында билеп тұр.

"Ол көрінген жерде билегенді ұнатады. Үйінде билей алмайтын шығар, сол үшін осындай қасиетті жерді таңдады", "Мешіт маңында бөксемен билеудің не керегі бар еді?", "Мен мұсылман емеспін, бірақ осы дінді ұстанатындар мына видеоны көрсе, ашуға булығатын шығар" деп жазба қалдырды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
39
2
1
4
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel