RU
Air Astana бортында шу шығарған ресейлік "тентек" жігіт айыппұл арқалады
Жаңалықтар Қоғам

Air Astana бортында шу шығарған ресейлік "тентек" жігіт айыппұл арқалады

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанамыздың тәртіп сақшылары "жұрттың мазасын алған" жолаушы туралы хабарламадан соң 26 жастағы ресейлік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

яувипяияи

«Air Astana» әуекомпаниясының «Алматы-Орал» бағытындағы рейс бортында жолаушы жігіт экипаж мүшелерінің ескертуін елеместен, тәртіпсіздік танытқан.

Мас күйінде ұшаққа отырған 26 жастағы азамат өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздерді жаудырыпты. Жас жігіт айналасындағы адамдардың тыныштығын алған.

Тексеріс барысында "тентек" жолашының Ресей Федерациясының азаматы екені анықталды.

Шетелдік азаматқа қатысты бірден 3 хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшылары оны ұсақ бұзақылығы, әуе кемесінде өзін-өзі ұстау ережелерін бұзғаны және мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін жауапқа тартып, 13 АЕК көлемінде (31 265 тг) айыппұл салды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel