RU
"Жібек жолы" автобазарындағы рейд: 416 адам полиция бөлімшесінен бір шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Жібек жолы" автобазарындағы рейд: 416 адам полиция бөлімшесінен бір шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы «Жібек жолы» автобазарында жүргізілген тексерістен соң 416 адам полиция бөлімшесінен бір шықты. Бұл туралы BNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жібек жолы"

"Жібек жолы" автобазарындағы тексеріс

ІІД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, полицейлер аталмыш базарда жүргізілген жұмыстар кезінде 1492 сауда нүктесін, сондай-ақ, сол маңда орналасқан 68 автокөлік жөндейтін жерді тексеріпті.

Нәтижесінде, құжаты жоқ 416 адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олардың арасында Қазақстанда заңсыз тұрып жатқан Өзбекстанның 20 азаматы бар болып шықты.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 адамды ұстаған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы полициясы "Кар Сити" автобазарында рейд жүргізу үшін оны қоршауға алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Полицейлер "Кар Ситиде" жүргізген рейд кезінде ұрланған автобөлшектерді сатушыны ұстаған еді. Одан 15 ұрланған көлік айнасы табылған.

Сіздің реакцияңыз
3
3
3
1
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel