RU
Шымкенттік алыпсатарлар темір жол билетін үш есе бағасына сатқан
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік алыпсатарлар темір жол билетін үш есе бағасына сатқан

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік алыпсатарлар 6100 теңге тұратын темір жол билеттерін 20 000 теңгеге сатып келген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік алыпсатарлар темір жол билетін үш есе бағасына сатқан

Шымкент автовокзалы

Бұл жайтты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері анықтап отыр.

«Жасырын сатып алушы» жобасы аясында Шымкент теміржол вокзалының қызметіне жүргізілген шара барысында билет құнын бірнеше есеге аспандатып сатып отырған алыпсатарлардың бірі Қарағандыға дейінгі бағыттағы темір жол билетін 30 000 теңгеге сатып тұрғаны белгілі болды.

Шымкент вокзалы кассасында тамыз айының соңына дейін Шымкент Атырау бағытына билет болмағанымен, оның аумағында алыпсатарлар бұл бағыттағы билетті 20 000 теңгеге ұсынған. Билеттің негізгі құны 6100 теңге құрайды.

"Мониторинг жүргізудегі басты мақсат жазалау емес, алдын алу шараларын жүргізу болып табылады" деген департаменттегілер мұндай шаралар алыпсатар саудасын тежеуге септігін тигізетініне үміт артып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
3
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel