RU
"Қайрат" өз алаңында голландиялық "АЗ" командасын жеңіп кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Қайрат" өз алаңында голландиялық "АЗ" командасын жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Қайрат" Нидерландының АЗ Алкмаар командасын 2:0 есебімен ұтты деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

sdrrtgesgts

Ойындағы алғашқы гол бірінші таймда соғылды. 12 минутта Адринсеола Эсеола алаң ортасынан бастап қарсыластарын алдап, гол соғып көзге түсті.

Оның тепкен добы АЗ қақпашысы Марко Бизоттан өтіп кетіп, қақпа торында тулады.

Екінші голды "Қайрат" 50 минутта соқты.

Адринсеола Эсеола өзіне берілген зор мүмкіндікті сәтті пайдаланып, дубль жасады.

Айта кетерлігі, алматылық клуб ойыншыларында тағы бірнеше гол соғатын мүмкіндік болған. Алайда бірде қақпадан қиыс кетсе, бірде қақпашы қайтарып қалды.

Қос команда арасындағы ойын бір аптадан кейін Нидерланд жерінде өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel