RU
Жезқазғанда әжейлер мен қыздарға қарбыз сыйлаған жастар елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жезқазғанда әжейлер мен қыздарға қарбыз сыйлаған жастар елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жезқазған жастары көшеде бейтаныс әжейлер мен қыз-келіншектерге қарбыз сыйға тарту етіп, елдің сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жезқазғанда әжейлер мен қыздарға қарбыз сыйлаған жастар елді тәнті етті (видео)

Жезқазғанда әжейлер мен қыздарға қарбыз сыйлаған жастар елді тәнті етті (видео)

Жезқазғандық жастар нәзік жандыларға себепсізден-себепсіз ерекше сый жасады. Олар гүлдің орнына жылтыр лентамен байланған қарбыз тарту еткен.

Сыйлыққа ие болғандар өз кезегінде таңданыстарын жасырмады. Тіпті араларында жеміс сатып отырған әжей "Сендер, жеміс сатып алайын деп отыр екен десем. Үлкен рахмет!" деп қатты қуанады.

Бұл видеоны қарбыз таратқан жастардың бірі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Қазір гүл сыйға беру сәннен қалған. Біз @klava_32 екеуміз адамдарға кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келді. Соның ішінде тіпті қарбыз сатып алудың өзі қиынға соғатын әжейлерге", - деп жазды автор.

Жас жігіттердің бұл әрекетін көрген желідегілер алғыстарын жаудырып, жақсылық жасайтын адамдар саны көбейсе деген тілектерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel