Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Sezim Qala: Астаналықтар үшін жаңа тұрғын үй кешені салынбақшы

Опубликовано:

Otau Development Group қолжетімді тұрғын үй құрылысын одан әрі дамытып, нарыққа жаңа Sezim Qala тұрғын үй кешенін ұсынып отыр. Ол Тұран даңғылы арқылы оң және сол жағалауды байланыстыратын Астананың басты көлік жолының бойында орналасады.

Тұран даңғылындағы жаңа шағын аудан

Sezim Qala тұрғын үй кешені – бұл 7 блок, яғни 1803 пәтер, сонымен қатар паркинг орындары бар.

Бізге таныс, Nova city тұрғын үй кешеніндегідей бұл үйде де заманауи сәулет шешімдері қолданылады. Бас жоспар бойынша оның орналасқан жері қаламыздағы ірі спорт кешендері орналасқан Astana Sport City кеңістігіне кіреді. Сондай-ақ Magnum Cash & Carry сауда желісі бұл жерде жаңа гипермаркет салмақ, оның ашылуы 2019 жылдың ортасына қарай жоспарланған. Үйге жақын жерде № 54 және № 82 балабақша, №59 және №76 мектеп-гимназиясы, Astana Opera, Nazarbaev Univercity және республикалық диагностикалық орталық секілді әлеуметтік маңызы бар объектілер орналасқан.

Тұран даңғылындағы жаңа шағын аудан

«Соңғы 2 жылда Otau Development Group командасы көптеген жаңа стандарттар мен техникалық шешімдерді құрылысқа енгізді, соның арқасында комфорт санаттағы тұрғын үйдің барлық артықшылығын эконом-санаттағы енгізу мүмкін болып отыр, бұл: пәтер жоспарлары, инженерлік желілер, сәулет және аула кеңістігін көріктендіру», - дейді компанияның бас инженері Сәкен Ақпас.

Тұран даңғылындағы жаңа шағын аудан

Otau Development Group компаниясы индустриялық үй құрылысын дамытуда. Бұл дегеніміз, бірінші блок монолитті темірбетонды каркас технологиясы бойынша салынады, ал қалғандары ірі панельді үй құрылысы, яғни темірбетонды панельмен салынады.

Тұрғын үй кешенімен клиенттер толығырақ танысуы үшін құрылыс алаңында ашық есік күні өткізілген болатын.

Тұран даңғылындағы жаңа шағын аудан

«Sezim Qala-ның ашылуында менің Otau Development Group және оның тұрғын үй кешендеріне қызығушылығым оянды. Компания 2 жыл ішінде үшінші ірі жобасын бастап отыр», - дейді белгілі астаналық блогер Ерлан Сакенов.

Тұран даңғылындағы жаңа шағын аудан

«Біз бұл жерден пәтер алуды Sezim Qala-ның сатылымы басталмас бұрын ойластырып жүр едік. Nova City-де болдық, оның сапасы бізге ұнады. Біз үшін бағасы да маңызды, сондықтан төмен бағамен пәтерімізді броньдап қою үшін ашылуына келдік», - дейді Сандуғаш Әмірханова.

Sezim Qala – белсенді өмірдің орталығында өмір сүруді қалайтындар үшін!

Тұрғын үй жайлы ақпарат көрсетілген өнімге деген сұранысты анықтау мақсатында жарияланды. Тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысу туралы келісім шарттар тек кепілдік беру қоры кепілдік беру туралы келісімді қамтамасыз еткен соң немесе жергілікті атқарушы органдар үлескерлер қаржысын тартуға рұқсат берген соң ғана жасалады

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744403-sezim-qala-astanalyktar-sin-zaa-trgyn-j-keseni-salynbaksy/

pixel