RU
Қызылордада төбелескен жігіттерді ажыратпақ болған ер адам ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада төбелескен жігіттерді ажыратпақ болған ер адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында бейтаныс адамды өлтірген 23 жастағы жігітке қатысты үкім шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қызылорда

Оқиғаның мән-жайы былай болған: қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтіп жатады. Бір кезде екі жас жігіт жанжалдасып қалған.

"Бір-біріне біраз сөздер айтқаннан кейін олар далаға шығады. Бірақ далада ұрыс төбелеске ұласқан", — деді соттың баспасөз хатшысы Роза Хизатова.

Осы маңда жүрген адамдар төбелесіп жатқан жігіттердің жанына келіп, біреуі оларды ажыратпақ болады.

Осы уақытта төбелесіп жатқандардың бірі ашумен оның кеудесіне пышақ сұғып алған. Ер адам сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

"Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша айыпты деп танып, 11 жылға соттады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтейді", — деп хабарлады Роза Хизатова.
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel