Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда қысқа көйлекпен халық әнін орындаған қыздар жұртқа жақпай қалды

Опубликовано:

Думанды тойда халық әнін қысқа көйлек киіп орындаған арулар көпшіліктің ашуын келтірді. Той қонақтары мен желі қолданушылары бойжеткендерді аяусыз сынап жатты деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Интернет желісінде тез таралып үлгерген видеоның астына автор "әнді шатастырып алды ма, әлде көйлегін бе?" деп жазып қойған.

Бейнежазбада бес қыз халық әні "Қамажайды" шырқап, әуенге билеп тұрғаны көрініс тапты. Мұны көрген желі қолданушылары "Бұл қыздар үстін шешіп тастай салмай ма?", "Бәріміз ақша жинап мата салып алып берейік", "Жігіттер, осындай қыздардан аулақ жүріңіздерші" деген сынды жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Видеоның қай аймақта түсірілгені белгісіз. Бірақ желі оқырмандары "Тойда ән айтып, қысқа киетін қыздарға тыйым салу керек" деген пікірлерін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744406-tojda-kyska-kjlekpen-halyk-nin-oryndagan-kyzdar-zrtka-zakpaj-kaldy/

pixel