RU
Отандық танымал продюсер Денистің өлімінен соң халық ояна бастағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал продюсер Денистің өлімінен соң халық ояна бастағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық белгілі продюсер Тимур Балымбетов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен соң көпшілік "қалың ұйқыдан оянғанын" және ендігі жағдайды өзгерту бәрінің қолында тұрғанын айтып, желіде көлемді жазба жариялады. Ол көпшілікті көбірек жұмыс істеп, әділетсіздікпен күресуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"7 күн бұрын досымыздан, мақтанышымыздан, үмітімізден айырылдық. Басында осылай сезіндім. Бірақ бүгін сенімен сөйлескім келеді. Рұқсат па?
Мен сенің қаншада екеніңді білмеймін. 16, 19, 23, 30, мүмкін менен үлкен де шығарсың. Дегенмен, сенімен ашық сөйлескім келеді", - деп бастаған ол жақында барлығы өзгеретінін және Денистің өлімі көпшілікті ұзақ ұйқыдан оятқанын айтады.

"Сенің қалай қабылдағаныңды білмеймін. Бірақ, маған ауа жетпей, әділдіктің жеңгенін және өзгерістің орын алғанын қалап жүрмін.

Көбісі ашу-ызасын білдіріп, біреулерді кінәлап, біреулерге өлім тілеп, көптеген нәрселерді талап етіп жатыр. Дегенмен, мен сенің бұған басқа қырынан қарағаныңды қалаймын.

Нақтырақ айтсам, өзіңе көңіл бөлгеніңді. Жоқ, бұл жаттанды, тізесі шығып кеткен сөз емес. Сондықтан, назарыңды салшы маған. Мен саған мынаны айтқым келеді: Саған басқаларына қарағанда көп жұмыс жасау керек", - деген продюсер егер адам ештеңеге тырыспаса, «барлығы сатылады» және «адал жолмен ештеңеге жете алмайсың» деп айтуға ешкімнің құқы жоқ екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Балымбетов мырза өмірде кездесетін сан түрлі оқиғалар мен мәселелерге мысал келтіре келе, олардың барлығын оңай жолмен "шеше салмай", әділеттілікке бет бұруға шақырады.

"Егер жұмыс орныңда бастығың пара алып, кассаға жеткізбей қалтасына салса, тіпті ұжыммен солай жасаса да оған араласпа. Сені жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.

Бұл әрине, әділетсіздік. Басында өзіңді жеккөрінішті сезінесің. Ол шындықтың қымбат бағасы. Бірақ, ампутацияланған жан мен кеудеңде шіріп жатқан жүрек одан да жаман.

Бұл бейшара өмірдің белгісі. Ал, сен толыққанды өмір сүру үшін дүниеге келдің. Айналаңдағыларды өзгертіп қана қоймай, әрі жағымды өзгерістердің бастаушысы болуың тиіс, - дейді ол.

Жазбасының соңында Тимур өз "достарын" көбірек жұмыс істеп, қараңғылықпен күресуге үндейді.

"Иә, сені өлтіріп кетуі мүмкін.
Ондай болған. Арамыздағы ең жарқын жанды қараңғылықтың жиіркенішті өкілдері өлтіріп кетті. Өлтірдік деп ойлаған...

Достым, саған көп жұмыс жасау керек. Басқаларынан да көбірек. Тек қана айналадағы қараңғылықпен емес, ішкі қараңғылықпен де күресу қажет. Ол барлығымызда бар. Бізде жұмыс көп, қазір кіріс!", - деп аяқтады сөзін продюсер.

Желіде қызу талқыға түскен жазба оқырмандарға ой салған тәрізді. Олардың арасында өз оқиғаларымен бөлісіп, расымен де "әркім өзінен бастаса, көп нәрсені өзгертуге болатынын" айтып жатқандар табылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel