RU
Қазақ әншісі өзін марқұмдар тізімінен шығара алмай дал болды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ әншісі өзін марқұмдар тізімінен шығара алмай дал болды

Рассказать Вконтакте

Қажымұрат Шешенқұл қалалық ауруханаларға денсаулығын жақсартуға жүгінген кезде дәрігерлер оны жүйеден таба алмай емдеуден бас тартыпты. Өз денсаулығын тексеріп қайтпақ болған әнші ойламаған жерден өзінің марқұм болып кеткенін білген деп жазады Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Әншінің айтуынша, оның құжаттарын электронды жүйемен тексергенде ол өзінің марқұм болып кеткеніне бес жыл өткенін білді.

Анықталғандай, бұл жүйе әншіні уақытынан ерте марқұм жасап отырған алғашқы оқиғасы емес.

2013 жылы әртістің туған ағасы қайғылы жағдайда адам қолынан қаза тапқан. Сол кезде орын алған құжаттар мәселесінің нәтижесінде мамандар ағасымен қоса, Қажымұратты да марқұмдар тізіміне кіргізіп қойған.

Алғаш рет өзінің "қайтыс болғанын" ол 2014 жылы көлік аларда білген. Оқиғадан кейін бұл қателікті тиісті орган түзетіп қойды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мәлімдеуінше, әнші негізгі жүйеде тірі адамдар қатарында тұр. Мәселенің туындауына аурухананың өзі жауапты болса керек.

Өйткені, емханалық жүйе жаңартылмағандықтан, мұндай қателіктер орын алып тұрады екен.

Бұл тұжырымды аурухана өкілдері де растап отыр. Алайда, олар жүйенің әрдайым жаңартылатынын алға тартуда.

Әнші мәселенің тез шешіліп, енді марқұм екенін естімейтініне үміттеніп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel