RU
Денис Теннің жақындары куәгерлерді іздеп, дабыл қағып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің жақындары куәгерлерді іздеп, дабыл қағып жатыр

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің туыстары мен достары 2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында көліктерін қойған жүргізушілерді және куәгерлерді іздеп жатыр деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Денис Тен. Сурет: informburo.kz

Денис Тен. Сурет: informburo.kz

Олар өз хабарламаларын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Естеріңізге салсақ, сол күні спортшыға көлік ұрылары тап беріп, пышақ сұққан еді. Денис Тен бірден ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

"2018 жылдың 19 шілдесінде таңғы және түскі уақытта Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында көліктерін қойған жүргізушілер мен көлік иелерінің назарына! Денис Теннің өліміне қатысы бар қылмыскерлер жайлы ақпаратты жинауға қол ұшын созыңыздаршы. Мұндай шикілігі көп істе шынымен де кінәлі адамдарға жаза тағайындалғаны өте маңызды. Бұл жерде жай нәрсе жоқ! Видеожазбамен расталған кез келген ақпарат біз үшін маңызды. Өтініп сұраймыз, көліктіркеулеріндегі барлық жазбаларды тағы бір мәрте қарап шығыңыздаршы. Кез келген расталған ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз. Құпиялықты сақтаймыз! Кез келген уақытта мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады: 8 702 945 55 99, 8 701 999 4701", - деді хабарлама авторлары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
6
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel