RU
Бас прокурордың орынбасары: Зорлықшылар мен қанішерлерді ешкім босатпайды
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокурордың орынбасары: Зорлықшылар мен қанішерлерді ешкім босатпайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық-процессуалдық кодекстегі жазалаушылық деңгейін түсіруге бағытталған заң өз күшіне енген сәтте ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар бостандыққа шығады деген сыбысты жоққа шығарды де хабарлайды NUR.KZ порталы.

Түрме. Көрнекі фото: Максим Золотухин

Түрме. Көрнекі фото: Максим Золотухин

Мекеме өкілі бұл жайттың тек қауесет екенін алға тартқан.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сөздің арасынан теріп алып, сенсация жасау үшін өздеріне тиімді етіп көрсетуде. Себебі, Заңды әркім оқып отырмайды.

Ең бастысы, айтқым келгені, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған бес мыңға жуық адамды, әсіресе қарақшы, зорлықшы, кісі өлтірушілерді ешкім бостандыққа жіберейін деп жатқан жоқ", - дейді Марат Ахметжанов.

Марат Ахметжанов. Фото: NUR.KZ

Марат Ахметжанов. Фото: NUR.KZ

Жаңа Заңнын концепциясына сәйкес, қоғамға расымен қаупі барлар ғана изоляцияға жіберіледі, ал зорлық жасамаған, ауыр қылмысқа бармағандар қоғамнан изоляцияланбайды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel