RU
Әскерге барғанына үш ай болған сарбаз жұмбақ күйде ауруханаға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Әскерге барғанына үш ай болған сарбаз жұмбақ күйде ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Әскерге барғанына үш ай ғана болған Самат Нұрқожаұлы жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде жұмбақ жағдайда ауруханаға түсті. Оған Ақтауда ота жасалып, енді Астанаға жіберілмек деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды: Informburo.kz

Кадр видеодан алынды: Informburo.kz

Сарбаздың әкесі баласына әлімжеттік жасалды деп ойлайды. Ал, қолбасшылар болса әскери жарғыға қарсы ешқандай жағдай тіркелмеді деп отыр.

Бір апта бұрын сарбаздың әкесі Нұрқожа Саматтың оқу-жаттығу кезінде құлап, кеудесіне ине кіріп кеткені жайлы хабар естіген. Алайда, дәрігерлер уайымдайтын ештеңе жоқ деп, басу айтыпты. Ине кіріп кеткеннің салдарынан үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан баласы шықпағаннан кейін Нұрқожа дабыл қаға бастаған.

"Екі инеге бола сегіз сағат операция жасамайды ғой. Демек гематома болып тұр ол жерде. Соны тазалап, шлангы шығарып қойып, жазылғанша мені алдап-сулап әрі-бері сандалтып жатыр", - дейді сарбаздың әкесі Нұрқожа Мырзағұлов.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының өкілдері әлімжеттік болды дегенге сенбейді.

"Мен Саматпен сөйлестім ғой, «Қасыңда кім болды?» дедім. «Палаткада жалғыз болдым» дейді. Полигонда бәрі сабақта болды. Ол жалғыз, қасымда ешкім болған жоқ дейді. Тергеу болып жатыр қазір. Қалай не болғанын біткеннен кейін солар айта алады. Мен қазір айта алмаймын қалай болғанын", - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Серік Сейітбаев.

Нұрқожа баласын көру үшін Ақтауға барғысы келіпті. Алайда дәрігерлер сарбазды Астанаға жөнелтетіндіктерін айтып, сол жаққа баруын ұсыныпты. Астанадан білікті әскери дәрігерлер келіп, Саматты алып кету мәселесі қарастырылады екен.

"Не Ақтауға барарымды білмеймін, не осында күтерімді білмеймін. Қазіргі әңгімелері де осындай. Ертең Астанаға алып келеді дейді. Білмеймін не істейтінімді. Ертең, арғы күні деп бала өлгенше, ине барып қадалғанша жата беру керек пе?!", - деп қорытындылады өз сөзін Саматтың әкесі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel