RU
Назарбаевтың кімге жиі қоңырау шалатыны белгілі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевтың кімге жиі қоңырау шалатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Саясаттанушы әрі "Қазақстан" телеарнасы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл басынан бері кімге жиі қоңырау шалғанын анықтап шықты. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

2018 жылдың басынан бастап, Ақорданың ресми парақшасы елбасының 22 рет қоңырау шалғанын хабарлаған.

Белгілі болғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жиі қоңырау шалған (сегіз рет).

Сонымен қатар, елбасы Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен төрт рет және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен төрт рет телефон арқылы байланысқа шығыпты.

Көрнекі сурет: Telegram / Ерлан Қарин

Көрнекі сурет: Telegram / Ерлан Қарин

Ал Армения басшысы Армен Саркисянға және Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековке екі реттен қоңырау шалған.

Одан бөлек Нұрсұлтан Назарбаевпен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд телефон арқылы байланысқа шықты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
8
3
1
1
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel