Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір кездері самса сатқан келіншек адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте самса сатқан келіншек адам танымастай өзгеріп кеткен. Бүгінде танымал визажист атанған Ақбаян Асанқызы табысты болудың құпиясымен бөлісті. Ол өз жетістіктері мен қиындықтары туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында айтып берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Шымкенттік жалғызбасты ана қазірде танымал визажистердің бірі. Өзі көпбалалы отбасының жетінші перзенті. Осы уақытқа дейін күйеуімен ажырасқан Ақбаян Асанқызы төрт баласын асырау үшін күн-түн демей еңбектенген екен. 36 жастағы келіншек таңнан кешке дейін самса пісіріп, оны жақын маңдағы дүкендерге сатып жүріпті.

"Үйде самса, тәттілер пісіріп, үй жақтағы шағын маркетке өткізіп жүрдім. Түнгі сағат екіге дейін қамыры мен өзге де қажеттіліктерін дайындап, таңғы бесте тұрып пісіріп, таңғы сағат тура сегізде дүкен алдында тұратынмын. Балаларымды мектепке, балабақшаға апарып келген соң үйге келіп, тағы да самса мен тәттілерге қажетті қоспаларды дайындаймын. Күніге сол іс қайталанып отырды. Қыста қызым мен ұлымды шанамен сүйреп балабақшаға тасып жүрдім. Іштей намыстанған, өмірге ызаланған кездерім де болды",-дейді визажист.

Уақыт өте Ақбаян өзіне не керегін түсінген. Ол туыс-бауырларынан 600 мың теңгені қарызға алып, визажист курсын оқыпты. Осылайша, бірден "Халықаралық дәрежедегі визажист" сертификатына ие болып шыға келген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Алайда бұл оның болашағын бірден өзгерте қоймаған. Қолына косметика қорабын құшақтаған Ақбаянды ешқандай салон жұмысқа қабылдамапты. Тәжірибесіз жұмыс болмайтынын білген соң, келіншек бес жарым ай үйде отырып қалған екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ойлана келе, визажист өз жұмыстарын Instagram парақшасына жүктеуді жөн көріпті. Оның бұл ісі қазіргі өмірінің бастамасы болған деуге де болады. Бірде оған Алтынай Жорабаева хабарласып, макияж жасау қажеттігін айтыпты. Жұмысын 100 долларға орындаған визажист әншінің жарнамасынан кейін өмірі күрт өзгергенін айтады. Мәскеу қаласынан қосымша білім алып келгенде клиенттер кезекте тұрған, элиталы салондардың жұмысқа шақырған кездер Ақбаянның көз алдынан әлі де кетпейді екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Визажист ТМД бойынша сұлулық мамандарының арманы болған той стилистерінің студиясында да білімін жетілдірген. Бүгінде ол Шымкенттегі жалғыз той стилистерінің студиясы мен көйлектер салонын басқарып отыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қалаға келген Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Индира Елемес және өзге де танымал әншілердің көбі бірінші кезекте кезінде самса сатып, сұлулық әлеміне келген визажисті іздейді. Тіпті кейбірі шымкенттік келіншекпен құрбыларша тығыз араласады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Талай қиындықтан сүрінбеген іскер әйел барша нәзік жандыларға тек қана еңбектену керектігін айтады. Ол кім болса да, өз өмірі-өз қолында екенін ұмытпаса екен дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1744446-symkentte-bir-kezderi-samsa-satkan-kelinsek-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-foto/

pixel