RU
Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Денис Теннің қазасына байланысты істің тергелуі қалай жүріп жатқанын айтып берді. Спортшының өліміне қатысты үшінші күдікті қамауға алынған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Денис Тен. Фото: Instagram / tenis_den

Денис Тен. Фото: Instagram / tenis_den

"Бас прокурор аталмыш қылмыстық істі өз бақылауына алған. Қылмыстық кодекстің 193 бабына сәйкес, іске қатысты нақты процессуалдық прокурор тағайындалды. Іс екі бап бойынша қаралуда - пайда табу мақсатында бір топ адамның зардап шегушіні қасақана өлтіруі және пайда табу мақсатында бір топ адамның қарақшылық жасауы", - дейді ол.

Ахметжанов Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Іс бойынша жеткілікті дәлелдер жиналған, олардың заңға сәйкестігін прокурор тексеруде. Сот күдіктілерді қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану шешімін шығарды.

Үшінші күдікті қылмыс туралы хабарламаған деген айыппен ұсталған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
0
1
1
6
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel