Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлер төсектес болған әйелдердің санын не себепті жасырады?

Опубликовано:

Ғалымдар ер адамдардың төсектес болған әйелдерінің санын не себепті жасыратынын анықтады. Арнайы зерттеу жүргізген олар ерлердің нақты санын әдейі жасырмайтынын дәлелдеді деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Ұлыбританиядағы Глазго университетінің ғалымдары ер адамдардың жыныстық қатынасында болған әйелдер санын неге нақты айтпайтынын зерттеп көрді.

Олар жүргізген сауалнама нәтижесінде орта есеппен алғанда ерлер төсектес болған 14 сүйіктісі жайлы айтса, әйелдер жетеуін айтқан. Алайда, ғалымдардың мәлімдеуінше ерлердің ең көп деген жыныстық қатынасы 110 әйелді құрайды. Ал қыз-келіншектерде болса бұл көрсеткіш 50-ден басталған.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде ер адамдар өзінің төсектес болған әйелдерінің санын ойдан шығарып жататыны белгілі болды. Оған, ерлер жыныстық қатынастарын маңызды нәрсе деп есептемегендіктен, оларды санамайтын болып шыққан. Бұл дәлелдің арқасында төсектес әйелдер санын жасырудың сыры ашылды.

Ал әйелдер қауымы болса, әрбір төсектес болған ер адамын жақсы біледі. Сол себепті көп жағдайда олардың нақты санын айта алады.

Сонымен қатар, ғалымдар жасырудың тағы бір себебі ретінде мақтанышты айтады. Олардың пайымдауынша, ерлер сүйіктісінің алдында өзін тәжірибелі әрі сұранысқа ие деп көрсету үшін өтірікке барып тұратын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1744450-erler-tsektes-bolgan-jelderdi-sanyn-ne-sebepti-zasyrady/

pixel