RU
Қарағанды облысында ішімдікке сылқия тойған жігіт анасын пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында ішімдікке сылқия тойған жігіт анасын пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында ішімдікке сылқия тойған азамат өз анасын өлтіріп тастаған. Бұл туралы baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ruffnews.ru

Фото: ruffnews.ru

Өз анасын өлтірген жігіттің жасы 29 да. Ол Ұлытау ауылының тұрғыны. Қылмыс орын алған күні азамат достарымен бірге анасының үйінде жарты күн бойы арақ ішіпті. Жолдастары қайтқан соң жігіттің көзіне елес елестей бастаған. Сол мезетте ол қолына пышақ алып, ары-бері сермеген.

''Мен оны төсектің жанында ұстап алғандай болдым. Оған бірнеше мәрте пышақ ұрдым да, шаршағанымды басу үшін еденге отырдым. Тұрып қарасам, төсекте анам өліп жатыр екен''-дейді ол.

Марқұм мойнындағы ұйқы тамырына келген зақымнан көз жұмған. Қылмыскер жылап шешесінің бетін жауып жатқанда үйге жігіттің әпкесі келіпті. Мән-жайды білген соң екеуі бірге полицияға барған. Енді маскүнемдікке салынған 10 жылға бас бостандығынан айырылмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel