RU
Ерте қартайып кеткен алты жасар қазақ баласы көз жасын тоқтата алмады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ерте қартайып кеткен алты жасар қазақ баласы көз жасын тоқтата алмады (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада тұратын Әлібеков Ернар Ермаханұлы солғын тері синдромына шалдыққан. Ерте қартайып кеткен балақайдың жылап отырған видеосы көпшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

2012 жылдың 21 мамырында дүниеге келген Ернар иммун тапшылығынан да зардап шегуде. Баланың ата-анасы оның емі үшін желіде көптен көмек сұрап отыр.

Әлеуметтік желіде janym_baklajanym лақап атымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева балақайдың емі үшін қайырымдылық шарасын бастаған.

"Алланың берген ерекше жандарын қолдайтынымызды, қорғайтынымызды сезіндірейік. Қолымыздан келеді. Ертең Ернар ( @pomosh_ernarchiku ) балақаймен кездесу ұйымдастырамыз! Кіру 1000 теңге. Кішкентай алты жасар балаға қолыңыздан келсе, сыйлық ала келсеңіз.
Мекенжай: Алматы қаласы, 27.07.18 сағат 18.00-де Розыбакиев көшесі 49-да орналасқан (Абай мен Сатпаев көшелерінің ортасында) "Аспандияр" асxанасында күтеміз", - деп жазған ол.

"Алла шипасын берсін", "Көзімнің жасы тоқтар емес. Өз баламдай қиналып тұрмын, жаным, болашағың жарқын болсыншы", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Желі қолданушылары балақайдың еміне көмек болар деген үмітпен отандық жұлдыздардың есімін видео астына жарыса белгілеп жатыр.

Қайырымдылық шарасына келе алмайтын жандарға ақпарат:

Kaspi Gold 5169493152786128

ИИН 900504499132

Зебинса Савитовна (Ернардын анасы)

Halyk bank: 5354510099638818

Тулебергенов Ермахан Алибекович (әкесі)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
21
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel