RU
Қуат Найман өзге елде жаттығудың басты себебін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуат Найман өзге елде жаттығудың басты себебін айтты

Рассказать Вконтакте

Атышулы отандық спортшы Қуат Хамитов жақында ғана Тайланд елінде жаттығуларын өткізіп елге оралды. Қазақстандық ержесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы туған жерге келе салысымен NUR.KZ порталына арнайы сұхбат беріп, алдағы жоспарлары мен өзі туралы халық арасында арасында қалыптасып кеткен пікірлерге қатысты ойын білдірді.

Жақында ғана Қазақстанға қайтып келген ережесіз жекпе-жек спортшысы Қуат Найман не себепті жаттығуларын өзге елде жасайтынын айтты. Анықталғандай, ол маңызды жекпе-жектерінің алдында Тайландта жаттыққанды жөн санайды. Бұл шешімнің өзіндік себептері де бар болып шықты.

"Тайландқа барып жүргеніме алты жылдың жүзі болып қалды. Қазақстанда күн суығанда жылы жаққа қарай ауысып жаттығуларымды сонда жалғастырамын. Ең бірінші себеп - ауа райы.
2016 жылы Ресейде өткен жекпе-жегім мен үшін ауыр өтті. Неге десеңіз, суық кездегі дайындық бәрібір де басқаша болады. Сол кездесуге мен өз елімізде жаттыққам болатынмын. Кездесуден кейін біраз ауырып қалғаным да бар. Сол себепті, суық кездері Тайландқа барып жаттығуды әдетке айналдырдым", - деп айтты Қуат Хамитов.

Неге таңдауыңыз дәл сол Тайландқа түсті? Не себепті басқа жылы мемлекеттер емес?

"Біріншіден, ол жерде мен Phuket Team агенттігімен келісім шартым бар. Ондағы әріптестерім де өте мықты. Аса ауқымды жаттығу нәтижесінде үздіксіз спаррингтерді де өткізіп тұрамыз. Екіншіден, Тайланд жаныма жақын ел. Оның тіпті Қазақстанмен ұқсас тұстары да бар. Тайлықтар біз секілді қонақжай әрі мейірімді".

Алайда, көптеген елдерді аралаған Қуат Найман бәрібір де Қазақстанға, әсіресе қазақтың ұлттық тағамдарына ешбір жердің тамағы жетпейтінін айтты.

Спортшының айтуынша, сегіз бұрышқа ұзақ уақыт шықпауының себебі қатарынан болмай қалған екі кездесуінде.

"Белгілі себептерге байланысты екі жекпе-жегім өтпей қалды. Бұйыртса алдағы уақытта, 31 тамыз күні еліміздің астанасында үлкен жекпе-жекте мықты қарсыласқа қарсы шығатын боламын", - деді спортшы.

Қуат Найманның қарсыласы болып өзіне "ет жеуге кеңес берген" армяндық спортшы Давид Хачатрян таңдалды.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға ҚР заңнамасымен қатаң тыйым салынған!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel