RU
АҚШ-та 12 жасар баланың терісі тасқа айналып кетті
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та 12 жасар баланың терісі тасқа айналып кетті

Рассказать Вконтакте

Сирек кездесетін аурудың салдарынан 12 жасар баланың терісі тасқа айналып кеткен деп хабарлайды ren.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ren.tv

Фото: ren.tv
Source: UGC

Калифорния штатының тұрғыны Джейден Роджерс фасиацалді дистрофиямен ауырады. 1970 жылы ашылған бұл сырқатқа осы уақытқа дейін тек 41 адам ғана шалдыққан. Ауру белгілері байқалғаннан бастап адамның денесі тастай қатайып, қимылдай алмай қалады екен. Мұның соңы өлімге алып келуі де мүмкін дейді дәрігерлер.

Бес жыл бұрын әкесі баланың санынан кішкентай түйін байқаған. Бір аптаның ішінде ол санынан асып, тізесіне дейін жетіпті. Кейіннен ол екінші аяғына ауысып, бөксесі мен қолын да жаулап алыпты. Кальций тұзы жинала бергендіктен баланың буындары қимылдаудан қалыпты.

Қазір дәрігерлер Джейденнің ауруын химиотерапия арқылы тоқтатуға тырысып жатыр. Ал жеткіншек күніге 18 сағат дәрі қабылдап, мүгедектер арбасында отыруға мәжбүр болып жүр. Баланың өгей ата-анасы баланы емдетуге 500 мың доллар жұмспаты. Енді олар ұлдарын еуропалық ауруханаға апару үшін бір жарым миллион доллар жинауды көздеп отыр.

Мамандар бұл ауру маса шаққаннан пайда болуы мүмкін деген пікір айтуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel