RU
Қостанай облысында екі баласына теріс тәрбие берген әке ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында екі баласына теріс тәрбие берген әке ұсталды

Рассказать Вконтакте

Құзырлы орган қызметкерлері Қостанай облысы, Перелески ауылының тұрғынымен бірнеше жыл бойы күресіп келеді. Ол екі кішкентай балақайдың әкесі бола тұра, олардың тәрбиесіне көңіл бөлгісі келмейді екен. Осы уақыт бойы бүлдіршіндер асыранды балалар үйінде, бөгде біреулердің үйінде тұрып келген. Айыппұлдар салынғанымен, еш көмектеспепті. Кеше ер адам ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Pixabay

Көрнекі сурет: Pixabay

Денис аудандық соты ауыл тұрғынының әкімшілік құқықбұзушылығына қатысты істі қарастырған. Ер адам бес және тоғыз жастағы балақайлардың әкесі бола тұра, олардың тәрбиесіне еш көңіл бөлмеген.

Ол жиі ішімдік қолданады, үйі лас, антисанитария деуге келеді. Осының барлығы балалардың өміріне қауіп төндіреді екен. Олар өз бетімен жүретін көрінеді.

Өткен жылы қамқоршылық органы тасжүрек әкеден балаларын тартып алып, балалар үйіне орналастырған еді. Сол кезде ер адамға айыппұл салынған. Бірақ, бұл ешқандай нәтиже бермепті.

Ер адам көп ішіп, балаларға қарамағаннан кейін, олар әкелерінің ата-анасының үйінде тұруға мәжбүр.

Сот істің мән-жайын тексеріп, балалардың әкесіне бес күндік абақты мерзімін тағайындады.

Сот оған алкогольды ішімдіктер қабылдауға тыйым салып, полицияға келіп тұруға міндеттеп қойды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel