RU
Маған орынсыз тиісті: "Кар Сити" базарында қамауға алынған азамат өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Маған орынсыз тиісті: "Кар Сити" базарында қамауға алынған азамат өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Алматыдағы автобазарда өзін қамауға алған сәтінен видео жолдады.

"Кар Сити". Видеодан скриншот

"Кар Сити". Видеодан скриншот

Алматылық азаматты полицейлер "Кар Сити" базарында жүргізілген рейд барысында ұстаған. Оның сөзіне сенсек, тәртіп сақшылары өзін дөрекі ұстағаны соншалық, оқиға куәгерлері жігіттің жағына шығып, бұл жайтты видеоға түсіріп алған.

Келесі күні ер адам БАҚ-та құқықбұзушылық туралы ақпарат жарияланса, прокурорлар оны тексеру үшін әрекет етуі тиіс екенін алға тартып, дөрекілік танытқан полицейлердің үстінен прокуратураға шағымданбайтынын мәлімдеді.

"Мені өзінің көлігіне бөлшектер сатып алуға келген өзге он шақты адаммен бірге қамауға алды. Полицейлер кімнің ұрлық жасап жүргенін жақсы біледі, олардың ұрылар туралы көбі біле бермейтін базасы бар. Сол себепті, кешегі "Кар Ситидегі" іс-шара, жай көпшілік алдында сырттай жағымды әсер қалдыру әрекеті болды деп ойлаймын.

Мен АҚШ-та оқығанмын. Ол жерде біздің елдегідей полиция абыройын төгуге асықпайды. Маған Нью-Йорткен досым қоңырау шалып, жағдайымды сұрады. Бұл ролик желіде тарап кеткен екен - әлем бойынша миллиондаған адам мені еш себепсіз түртпектеп жатқанын көрді", - дейді Асқар Наркес.

Зардап шегуші рейд жүргізген майор өз есімін атаудан түбегейлі бас тартқанын айтуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel