RU
Аптап ыстықта жаяу жүргісі келмеген ер адам жедел жәрдем көлігін айдап әкетті
Жаңалықтар Әлемде

Аптап ыстықта жаяу жүргісі келмеген ер адам жедел жәрдем көлігін айдап әкетті

Рассказать Вконтакте

Американың Аризона штатында ыстық күні жая жүргісі келмеген ер адам жедел жәрдем көлігін айдап, қашып кеткен деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru
Source: UGC

Меса қаласының 37 жастағы тұрғыны Тодд Шелл ауруханадан шыққан соң даланың ыстық екенін байқаған. Жаяу жүргісі келмеген ол бос тұрған жедел жәрдем көлігін айдап, қашып кетіпті. Парамедиктер кілтті көлік ішінде тастап кеткен екен.

Полицейлер Тоддты көлікте орнатылған GPS арқылы тауыпты. Азаматтың айтуынша, ол үйге ақша алу үшін бара жатқан көрінеді. Сендвич алып, тамақтанған соң көлікті қайтаруды жоспарлап отыр екен.

Ер адамға көлік құралдарын заңсыз айдап әкету айыбы тағылып отыр. Оқиға орын алған күні Финикс аймағында ауа-райы 47 градусты көрсетіпті. Мұндай температура қалада тек 2014 жылы ғана тіркелген екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel