RU
Қуат Хамитов: Жекпе-жектен кейін айтқан әніме бір ай бойы дайындалдым
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуат Хамитов: Жекпе-жектен кейін айтқан әніме бір ай бойы дайындалдым

Рассказать Вконтакте

Атышулы отандық спортшы Қуат Найманның жекпе-жектер соңында өткір сөздер айтып, тіпті кейде ән салып та жататын әдеті бар. Қазақстандық ережесіз жекпе-жек спортының жарқын жұлдызы ел алдында сөйлеуінің өзіндік себептері бар екенін айтты. Қандай? NUR.KZ порталы анықтап көрді.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Ел арасында тек қана спорттық жетістіктерімен емес, қоғамдық мәселелерге де белсенді түрде аралысып тұратындығымен танымал спортшыны ел арасында нағыз патриотқа теңейді.

Әрбір жекпе-жектерінің соңында ол барынша маңызды тақырыптарды көтеріп, оған деген өз пікірін білдіруден жасқанбайды.

"Әрбір жекпе-жек ертеңгі тарих. Мен оған ұзақ әрі тер төге дайындаламын. Кездесудің жеңіспен аяқталуы кез келген спортшыны ерекше сезімге бөлейді. Сол сияқты, еліміздің тәуелсіздігіне орай мен ән арнап айтқым келген. Алайда, өмірі шығармашылыққа қатысым болмағандықтан, бір ай бойы арнайы дайындалуға тура келді.
Ән айтқанымда екінші бөлімін аяқтай алмадым. Ерекше сезімге бөленіп жылағым келіп кетті", - деп айтты Қуат Найман.

Сондай-ақ, ол соңғы жекпе-жектерінің бірінде жас спортшыларға жасаған үндеуінің себебін де ашып айтты. Анықталғандай, тәжірибелі спортшыға көмек сұрап жүгінетін жастардың саны өте коп. Соларды жігерлерндіру мақсатында өз жеңісінен кейін ол ағалық ақыл-кеңесін бергісі келген.

"Маған әлеуметтік желіде көптеген жас спортшылар жүгініп жатады. Олар көп жағдайда, мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін айтады. Соған орай мен олардың барлығына желіде жауап беріп үлгермейтінімді ескере тұра, қарсыласымды жеңе сала жастарға өзіндік үндеу жасағаым келді. Оларға алға қойған мақсаттарынан тайынбаңдар деп айтқым келді", -деді спортшы.

Сонымен қатар, Қуат Найман болашақта өзіндік спорт мектебін ашуды да жоспарлап отыр. Ол жас спортшылармен өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтудан шаршамайтынын жеткізді.

Алайда, спорттағы мансабын аяқтаған соң Қуат Хамитов бапкерліктен гөрі елі үшін қызмет етуге көбірек талпынатынын айтты. Алдағы уақытта біз Қуат Найманды депутаттар қатарынан көріп қалуымыз да ғажап емес.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға ҚР заңнамасымен қатаң тыйым салынған!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel