RU
Қостанайда әткеншекке мінген ер адам тоғыз жасар қыздың бұғанасын сындырып жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда әткеншекке мінген ер адам тоғыз жасар қыздың бұғанасын сындырып жіберді

Рассказать Вконтакте

Қостанайдағы Орталық саябақтың ішінде оқыс оқиға болды. Тоғыз жасар Виолеттаның үстіне әткеншекке мінген ер адам құлап кетіп, бұғанасын сындырып жіберді. Бұл туралы Костанайские новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Костанайские новости

Сурет: Костанайские новости

22 шілде күні Елена Кадынцева тоғыз бен он жасар екі баласын Орталық саябаққа қыдыртуға алып барған. Оның балақайлары "Таgada" атты жаңа әткеншекке отыруға өтініш жасапты. Анасы келіскен.

"Кабинаның ішіне тоғыз бен он жасар балаларымыз кірді. Артынан үлкендер кірді. Бүлдіршіндеріміз тұтқадан ұстап тұрға еді, ал ересектер ішіне лық толы кіріп алды. Бір кезде бір ересек ер адам менің қызымның үстіне ұшып түсіп, басып кетті. Ол қатты ауырғанын сезді. Әткеншекті тоқтатып, Виолеттаны сыртқа шығарып алдық", - деді Елена.

Кешқұрым болғандықтан, Елена бір түннің ішінде ауырғаны кетеді деп ойлаған. Алайда таңертең қыз бала қолын көтере алмай, өзін жайсыз сезініпті. Дәрігерлер оның бұғанасының сынғанын анықтады.

Сурет: Костанайские новости

Сурет: Костанайские новости

Қазір ауруханада жатқан қыз баланы екінші ота күтіп тұр. Елена бірден құқық қорғау органдарына арыз жазған. Ал Орталық саябақ өкілдері мән-жайды былайшы түйіндеді:

"Біз тексеріс жүргіземіз, барлық видеожазбаларды тек полицияның нұсқауымен ғана береміз. Бұған дейін осы әткеншекке қатысты ешқандай арыз түспеген еді. Әткеншек техникалық байқаудан өткен", - деді Орталық саябақ директоры Амангелді Шапайұлы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel