RU
Ақтөбеде үйлену тойынан бес күн бұрын қашып кеткен қыз бар шындықты айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде үйлену тойынан бес күн бұрын қашып кеткен қыз бар шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік қыз тұрмысқа шыққалы отырған жігітінен тойына бес күн қалғанда қашып кеткен болатын. Желіде ду ете қалған бұл хабарды оқыған халықтың пікірі екіге жарылды. Бірі бойжеткенді кінәласа, екіншісі жігітінен күдіктеніп жатыр. Осы орайда, Kerek-info порталы "экс-қалыңдықтан" сұхбат алып, мән-жайды анықтаған.

"Өзгені жүкті еткен": Ақтөбеде тойынан қашып кеткен қыз шындықты жайып салды

"Өзгені жүкті еткен": Ақтөбеде тойынан қашып кеткен қыз шындықты жайып салды

Әлияның айтуынша (есімі өзгертілген - ред), күйеу жігіт басқа бойжеткенді жүкті етіп қойыпты.

"Шіріген бай болғаны не керек, қолынан ештеңе келмеді. Басқа қызды жүкті еткені рас. Ол қыздың көз жасына қалып, сүймеген жігіттің жары бола алмаймын", - дейді тойдан қашқан қалыңдық.

Жігітімен “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша жұмысқа барғанда танысқан бойжеткен онымен шын көңіл қоспағанын жасырмады.

"Бір байдың баласы. Осы уақытқа дейін оны жақсы көрмегенімді түсіндім. Тек бауыр басып қалған екенмін.

Жүрген кезде де мен оның ауызына айтар сөзін салып беріп тұрамын. Маған ұсыныс жаса, гүл алып бер деп. Ол сосын менің айтқанымды істейді. Жаңа жылда ұсыныс жасады", - деген ол жігіті жақынырақ сөйлесе бастағаннан кейін өзіне қол көтере бастағанын айтты.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
5
4
8
1
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel