RU
Полицейлер Шымкенттегі автобөлшектер базарын қоршауға алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Полицейлер Шымкенттегі автобөлшектер базарын қоршауға алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Шымкенттегі автобөлшектер сатылатын "Тұлпар" базары полицейлермен қоршауға алынды деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрланған автобөлшектерді сататын адамдарды анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатқан көрінеді.

Базардың бір жағындағы кіру есігі жабылған болатын.

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Сатып алуға келгендер мен сатушылар базардан тек жеке куәлігін көрсетіп қана шыға алады. Кіреберіс жақта барлық көліктер тексеріске алынған.

Сатушылардың бірі полицейлердің одан ұсталған автобөлшектерді сатуға арналған арнайы құжаттың бар-жоқтығын тексергенін айтып берді. Ол да жеке куәлігін көрсетіпті. Барлық құжаттар өз орнында болған.

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Сурет: BNews.kz/Бехрузбек Абдувалиев

Еске салайық, Алматыдағы бірнеше автобөлшектер сататын базарлар қоршауға алынып, тексеріс басталып кетіп еді.

Нәтижесінде бірнеше құқықбұзушылықтар тіркелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel