RU
Петропавлда көше иттерін балалардың көзінше атқандар елді шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда көше иттерін балалардың көзінше атқандар елді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде кішкентай балақайлардың көзінше көше иттерінің өлтіргендердің әрекеті туралы айтты деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Мой город - Петропавл!

Сурет: Мой город - Петропавл!
Source: UGC

Наталья Дедованың айтуынша, тал түсте арнайы көлікпен келген адамдар ересектер мен балақайлар ойнап жүрген үй алаңына келіп, иттерді ата бастаған. Натальяның айтуынша, балалар шошып кетіп, иттерді өлтірмеулерін сұраған.

"Достар, біз жаңа заманда өмір сүріп, балаларымызға аяушылық танытып, жақсылыққа үйретеміз. Бірақ бүгін біздің аулада болған жағдай заманауи қоғамның әрекетіне еш сәйкес келмейді. Түскі сағат 12-де, қаланың қақ ортасында, балалар мен ата-аналар далада жүрген кезде көлік келіп тоқтап, ішінен шыққан екі адам көше иттерін ата бастады. Біреуін өлтіріп тастады, ал екіншісін өлтіруге балалар мұрша бермеді. Бұл екі итті балалардың бәрі жақсы көрген болатын, күнде оларға тамақ береді. Балалар айқайға басып, жылаған еді. Ересектер жүгіріп келіп, шағымдана бастады, ал ит болса, дірілдеген күйі жатып, мерт болды. Бұл - сұмдық", - дейді тұрғын.

Натальяның айтуынша, иттерді атқан ер адамдар тұрғындардың шағымына жай ғана күліп қарапты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel