RU
Шомылу киімімен суға түскен Нұржан Керменбаевтың әйелі жұртты айтыстырып қойды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шомылу киімімен суға түскен Нұржан Керменбаевтың әйелі жұртты айтыстырып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Нұржан Керменбаевтың әйелі мұсылмандардың буркини деп аталатын шомылу киімін киіп, жұрттың қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желі қолданушылары оның киіміне түрлі көзқарастарын ортаға салып, сөз таластыруда.

"Қойшы, купальникпен түскені жақсы, біртүрлі екен оранып алып, суға түскен", "Қасындағы келіншегі ме, мен дос баласы шығар деп тұрмын", "Бассейнге киіммен түскені несі, теңізде жүрген жоқ", - деп сын-пікірлер жаудырды желі қолданушылары.

Десе де әншінің жарын қолдағандардың қарасы басым болуда.

"Келіншегіңізді купальникпен түсірмегеніңіз дұрыс болған", "Керемет, үлгілі жанұя, әйеліңіз өте мәдениетті, тәрбиелі, бақытты болыңдар", "Дұрыс, ашық-шашықтан сол жақсы шығар", "Келіншегі жабық киіммен шомылған, тәрбие алайық, қыздар", - деп жазған өзге желі қолданушылары.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
5
15
11
0
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel