RU
Жыныстық зорлыққа қарсы шыққан бойжеткен өзіне қол салды
Жаңалықтар Әлемде

Жыныстық зорлыққа қарсы шыққан бойжеткен өзіне қол салды

Рассказать Вконтакте

Парижде жыныстық зорлыққа қарсы шығып, Femen атты халықаралық әйелдер қозғалысының негізін қалаған украиналық суретші өзіне қол салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оксана. Фото: CC BY-SA 2.0 / xvire1969

Оксана. Фото: CC BY-SA 2.0 / xvire1969

Кей БАҚ беттерінде Оксана Шачконың 23 шілде күні Париждегі өз пәтерінде өмірмен қош айтысқаны жазылуда. Оның не себепті өзіне қол салғаны әзірге белгісіз.

Кейінірек оның өзіне қол салмас бұрын достарымен көңілді кеште болғаны анықталды. Артынша үш күн бойы хабарсыз кеткен әйелді пәтерінен өлі күйінде тапқан. Оксана өлер алдында хат жазып кетіпті, алайда онда не туралы айтылғаны құпия сақталуда.

Femen қозғалысы әйелдер құқығы үшін күресумен қатар, біржынысты некені жақтау арқылы да әлемге танымал болған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel