Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақша "понт": Аста-төк той жасау үшін қанша ақша кетеді?

Опубликовано:

Қазақстандықтар үйлену тойына кем дегенде үш миллион қаржы жұмсайды екен. Бұл "понтқа" жақын еліміз үшін қалыпты сомаға айналып деп жазады kerek-info.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Style Wedding
Көрнекі фото: Style Wedding: UGC

Қазақтар үйлену тойға орташа есеппен 3 миллион қаржы жұмсайды екен. Үйленуге бел буған жастар алдымен мейрамхана іздеп шаршайтын көрінеді. Егер барлық шығынды ресторан көтеретін болса, адам басына 10 мың теңге, жартысын өзіңіз әкелсеңіз, бес мың теңге көлемінде ақша тастап кете аласыз.

Қазір той шығыны тізіміне қалыңдықтың бір өзіне кететін ақшаны да қосуға болады. Аруларға арналған той көйлегін сатып алу 30-100 мың теңгені құраса, жалға алу 50 мың теңгедей болады.

Тойдағы басты әшекей-неке жүзігінің ең сапалысы 80-100 мың теңге тұрады. Оюлы сақиналар 50 мың болса, ең арзан жүзіктер 20 мың теңгені құрайды екен.

Бұдан бөлек қалыңдықты әрлейтін әшекейлер көп. Арулар фата, алқа, сырға, диадема тәрізді ұсақ бұйымдарға кететін ақшаның өзіне 20 мың теңгені бөліп алып қойған дұрыс деп есептейді. Ал қолға ұстайтын қарапайым гүлдің өзі 5-10 мың теңге қаржыны, ыңғайлы аяқ киім орташа есеппен 10 мың теңгені құрайды. Салонда тойға арналған макияж орташа есеппен 4000 теңге тұрса, шаш үлгісі 3500, маникюр 2500 теңгені қажет етеді. Құрбыңызды әрлеу үшін қалтаңыздан тағы дәл осындай сома шығады.

Бұл күні ерлер тек смокинг пен жейдеге, аяқ киіміне көңіл аударады. Барлығын қосқанда күйеу жігітке 100 мың теңге жеткілікті деуге болады.

Тойға жалдайтын қымбат көліктер де қазақша ''понтты'' байқатады. Әдемі көлік үшін олардың иелері сағатына 10-20 мың теңге алып отырады екен.

Жас жұбайлар шығынның басым бөлігін той басқаратын асабаға жұмсайды. Қазіргі уақытта олар бір тойды басқаруға 100 -500 мың теңге алады екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744520-kazaksa-pont-asta-tk-toj-zasau-sin-kansa-aksa-ketedi/

pixel