RU
"Рекордсменка" Айнұр: Балғынбек Имашев айтыста ұтқан көліктері туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Рекордсменка" Айнұр: Балғынбек Имашев айтыста ұтқан көліктері туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтыстың арқасында қанша рет баспаналы болғанын және неше темір тұлпар тізгіндегінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Балғынбек Имашев. Фото: Qamshy.kz

Балғынбек Имашев. Фото: Qamshy.kz

Ақынның айтуынша, қазақ айтысында ең көп көлік ұтқан Айнұр Тұрсынбаева мен Аманжол да Әлтаев екен. Алайда өзі де олжадан құр алақан емес екен.

"Қазір "рекордсменка" Айнұр (Тұрсынбаева – Sputnik) болып тұр, қателеспесем 36 көлік. Аманжол да (Әлтаев – Sputnik) да соның маңайында, отыздың ар жақ-бер жағы. Біз енді ондай көп көлік ұтқан жоқпыз, бірақ, Аллаға шүкір, айтыстағы олжаларым аз емес. Бірінші, әрине ол халықтың ықыласы, махаббаты. Айтыстағы абыройдың әсері ғой, жай біреудің үйіне қонаққа барсақ та, қой сойып, ат мінгізіп жібереді. Бұл енді айтыстың сыртындағы жүлделер.
Ал айтыстың өзінде он бес шақты темір тұлпар тізгіндедім. Айтыстың арқасында екі рет баспаналы болдым", — деді ақын.

Балғынбек Имашев сөзінеше, бүгінде айтыс өнері көптеген ақынның күнкөрісіне айналған.

"Әншілер қазір ән айтқаннан гөрі, тойдан көбірек пайда табады. Сол сияқты айтыс та ақындар үшін күнкөрістің бір көзі болып қалды", — дейді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
2
2
4
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel