RU
Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Рассказать Вконтакте

Облыс экономикасының дамуына Президенттің бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде айқындалған іс-шаралар да оң септігін тигізуде.

Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бірінші кезекте бұл - құрылыс жұмыстарына қатысты. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 75 млрд.теңгені құрады немесе өсім 20% өсім (жыл соңына дейінгі жоспар 205 млрд.теңге немесе 106,7%). 28% өсіммен 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылдың жоспары - 916 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру. Қазіргі таңда облысымызда бір тұрғынның баспанамен қамтылу көрсеткіші 23 шаршы метр (РБ – 21,6 шаршы метр). Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.

Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысына бір қарыз алушыға несие 25 млн. теңге көлемінде белгіленді. Өңірлік экономика өсімін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар орындалысы тұрақты бақылауда. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы облыста құны 226 млрд.теңге болатын, 3 мың жұмыс орнын құрумен 18 жоба іске асырылуда.

Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - заманауи транспорттық инфрақұрылымды қалыптастыру. Республиканың және өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында облыста 2 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен, инвестициялық құны 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда.

Маңғыстау облысында 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
"Ауылішілік жолдарды дамыту жұмыстары әкімдіктің тұрақты бақылауында болады. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуден өткізуге бюджеттен 8 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бейнеу, Қызан, Приозерный ауылішілік, Ақтау қалаішілік, Каспий энергетикалық ХАБ жолдарының құрылысы жыл соңында аяқталады. «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мәстек), Баянды, Маңғыстау-4, Қызылтөбе-2, ХГМЗ жолдарының құрылысы жалғасады. Ауыл жолдарын жақсартуды кезең-кезеңімен шешу үшін, жалпы ұзындығы 124 шақырым болатын Бейнеу, Құрық, Шебір, Ақшымырау, Басқұдық, Атамекен ауылішілік, Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаішілік жолдары құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Сонымен қатар, «Таушық-Шетпе» (70 км), «Ақтау – Форт-Шевченко - Қаламқас кен орны» (66 км), «Шетпе-Үштаған» (54 км), «Тұщықұдық ауылы» (29 км), «Тұщықұдық-Шебір» (13 км) автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде, қанағатты жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдар үлесі 92%", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста құны 19 млрд.теңгені құрайтын 28 жоба іске асырылуда (бөлінген қаржы - 5,8 млрд.теңге, оның ішінде РБ – 4,3 млрд.теңге жоба, жергілікті бюджет – 1,5 млрд.теңге).

Қазір облыста пайдаланылмай отырған 452 жер учаскесі (26 мың га) бар, оның ішінде мемлекет меншігіне 111 жер учаскесі (21 мың га) қайтарылды.

167 жер учаскесі шағын және орта бизнес субъектілеріне сауда-саттыққа шығарылды. Оның ішінде 105 учаске (36 мың га) аукцион арқылы, 62 учаске (100 мың га) уақытша пайдалану құқығымен сатылды. Нәтижесінде бюджетке 1,7 млрд.теңге түсті.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Олар: кәріз тазалау станциясы (КОС-2); АҚҚУ-1 тұрғын-үй кешені; Жаңаөзен қаласындағы жылу-энергетикалық стансасы; үлескерлер мәселесі де толықтай шешімін тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel