Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар үшін кәсіп ашу тәртібі жеңілдей түсті

Опубликовано:

2018 жылдың басынан бастап электронды үкімет порталы қазақстандықтарға кәсіп ашу тәртібін жеңілдете түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Кәсіпкер. Көрнекі фото: look.bio
Кәсіпкер. Көрнекі фото: look.bio: UGC

Енді қазақстандықтар бірден заңды тұлғаны тіркеп, банк шотын ашып, сақтандыру келісімшартын бір мезетте құра алады.

Электронды үкіметтің egov.kz порталында «Банк шотын аша отырып және жұмыс кезінде оқыс жағдайлардан міндетті сақтандыруды жасау арқылы заңды тұлғаны тіркеу" жобасы қолға алынды.

Егер бұған дейін тұрғын алдымен заңды тұлғаны тіркеп, банкке тіркеу туралы анықтама өткізіп, содан кейін ғана шот ашып, артынша сақтандыру компаниясында міндетті сақтандыру келісімшартына отыруы тиіс болса, бүгінде бұл жұмысты бір сәтте атқару мүмкіндігі берілуде.

Нәтижесінде бір тіркеу үдерісі аясында компания қысқа мерзімде және айтарлықтай шығынға батпай, ҚҚС төлеуші ретінде салық органдарына тіркеліп, банкте шот ашып, сақтандыру келісімшартын құра алады. Одан бөлек істі бастау үшін компанияның мөрін жасау талап етілмейтін болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1744532-kazakstandyktar-sin-ksip-asu-trtibi-zeildej-tsti/

pixel