RU
АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Қазақстанмен қимай қоштасты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Қазақстанмен қимай қоштасты (видео)

Рассказать Вконтакте

Үш жыл бойы АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы болған Марк Муди соңғы жұмыс күнінде қоштасу ролигін жариялап, қонақжай ел тұрғындарына алғысын айтты деп жазады NUR.KZ.

Скриншот/facebook.com/almaty.usconsulate

Скриншот/facebook.com/almaty.usconsulate

Марк Мудидің қоштаус видеосы Facebook парақшасында жарияланған.

Бас консулдың сөзінше, оған Қазақстандағы достарымен және әріптестеріммен қоштасу оңайға түспеген. Бұл керемет қалада өмір сүріп, жұмыс істеу Марк Мудиге нағыз қуаныш сыйлапты.

"Алматы мені өте жылы қабылдады. Бұл жерде жұмыс істеу мен тұрудың өзі бір бақыт. Мен Қызылордада жеген етпен Қазығұрттағы ең тәтті құрттың дәмін еш уақытта ұмытпайтын болам", - деген Марк Муди өзіне қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарңа алғысын айтты.

Айта кетейік, Муди Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы қызметіне 2015 жылдың 24 тамызында тағайындалған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel