RU
Полицейлер Шымкентте автобөлшек сататын ең ірі базарды 10 күн бойы тексермекші
Жаңалықтар Авто новости

Полицейлер Шымкентте автобөлшек сататын ең ірі базарды 10 күн бойы тексермекші

Рассказать Вконтакте

Шымкентте автобөлшек сататын "Тұлпар-2030" базары таңертеңнен бері қоршауға алынды. Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ ұрлық қылмыстарының алдын алу үшін рейд ұйымдастырған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Абай аудандық жергілікті полициясы «Тұлпар-2030» автобөлшек базарында рейд ұйымдастырды. Олар қолданылған бөлшектерді сататын 174 сауда нүктесінің 30-ын тексерістен өткізіпті. Әрбір сатушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін түсіндірген полицейлер әлі он күн бойы тексеру жұмыстарын жүргіземіз деп отыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал кенеттен келген тексерістен шошыған сатушылар тауарларды Германия мен Қытайдан әкелетіндерін, барлығы кедендік бақылаудан өткенін айтып шырылдады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері автокөлік бөлшектерін ұрлаған 325 жағдай тіркелген. Оның 134-і ашылса, қалған істердің ақ-қарасын ашу мүмкін болмаған екен. Оңтүстік өңірде көлік қуаттағыштарды жымқыру бірінші орынға тұрақтаса, одан кейін дөңгелектер мен автокөлік айналары, бейнетірегіштер көп ұрланатын көрінеді.

“Ұрланған автобөлшектер сауда орындарында сатылмайды. Оны ұрлықшылар көбіне таныстарына немесе кездейсоқ клиенттерге арзан бағада өткізіп жібереді. Ал оларды базарда сату өте сирек кездеседі. Ұрлықшылар тек қуаттағыштар мен автоаккумуляторларды түрлі-түсті темір қабылдайтын орындарға өткізе алады. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды анықтау ісін ешқашан тоқтатқан емес. Осы уақытқа дейін базар сатушыларынан қолданған, ескі автобөлшектерге сұраныс түскен жоқ”, - дейді Түркістан облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Амангелді Сәпиұлы.

Шымкент қаласында 849 қызметкерден тұратын полиция кешенді күштері тәуліктік қызметке түседі. Олар кез келген уақытта халыққа көмек көрсетуге дайын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Автокөлігіңізге ұры түскенін білсеңіз, полиция қызметкерлері келгенше тек байқап тұрыңыз. Ал қылмыс ашылып, күдікті қолға түскенде, қылмыскердің нақ сол екендігіне күмән келтірсеңіз, прокуратура органдарына немесе ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасына шағым келтірсеңіз болады. Мұндай жағдайлар тәжірибеде кездесіп тұрады", - деп кеңес береді Түркістан облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары А.С. Бұрханов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, Түркістан облысында 2018 жылдың басынан бері автобөлшектерді саудалаған 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Ал оларды ұрлаған 37 азамат сот шешімімен әр түрлі жазаға кесілді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
7
5
0
0
83
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel