RU
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 256 млрд теңге инвестиция тартылған
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысына жыл басынан бері 256 млрд теңге инвестиция тартылған

Рассказать Вконтакте

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын және Президенттің халыққа Жолдауы, Бес әлеуметтік бастамасынан туындаған Елбасы мен Үкімет берген тапсырмалардың орындалуын баяндады.

Маңғыстау облысына жыл басынан бері 256 млрд теңге инвестиция тартылған

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) - 1-ші жартыжылдықтың қорытындысымен оның көлемі 659 млрд.теңгені құрады немесе өсім 101,2% (РБ – 104,1%). Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда есепті кезеңде 1,4 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлем индексі 101,2%-ті құрады. Ең басты міндет өңдеу секторын дамыту. Аталған сектордың жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі соңғы 3 жылда 5%-тен 9%-ке дейін өсті. Есепті кезеңде өндіру көлемі 12%-ке артып, 119 млрд. теңгеге жеткен.

Индустрияландыру картасы аясында облыста инвестициялар көлемі 395 млрд.теңге болатын 45 жоба іске асырылды. 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылды (2010-2014 жылдар – 219 млрд.теңгеге 33 жоба, 3 141 жұмыс орны, 2015-2017 жылдар – 176 млрд.теңге сомасына 12 жоба, 965 жұмыс орны).

Ағымдағы жылы инвестициялық құны 19 млрд.теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Биылғы жылдың 6 айында өңір экономикасына 6% өсіммен 256 млрд. теңге инвестиция тартылды. (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда)

Маңғыстау облысына жыл басынан бері 256 млрд теңге инвестиция тартылған
"Маңғыстау облысы 37 елмен экспортты-импорттық операция жүргізеді. Жыл басынан бері әлеуетті инвесторларымен келіссөздер орнатып, 6 меморандумға қол қойылды. Соның бірі - Біріккен Араб Әмірлігінің DP World трансұлттық компаниясымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын дамыту мақсатында, оны стратегиялық әріптес ретінде басқаруға қатысты жүргізілген кездесулер. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының барысында аталмыш компаниямен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының 49% акциясын сатып алудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісімге келген болатын. Келісімге сәйкес «DP World» компаниясы арнайы экономикалық аймақты басқаруға қатысады. Бұл, өз кезегінде Маңғыстау облысының халықаралық логистика тізбегіне енуіне, аталған компанияның көлік логистикасы саласындағы тәжірибесі мен озық технологияларын қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Актау портын одан әрі белсенді дамыту, басым бағыттар бойынша инвестициялар тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістер құруға қолайлы жағдай жасалады", - деді облыс әкімі.

Облыстың инвестициялық жобалар портфеліне құны 1,4 трлн.теңге болатын 6 жоба енгізілді.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 860 млн.теңге болатын 40 жоба мақұлданды (01.07.2017ж - 24 жоба). Жаңа кәсібін ашатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өңірлік «Нұр капитал» бағдарламасы сәтті іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда 2 млрд.теңгеге 110 жоба қолдау тапты.

Өңір экономикасының перспективалы бағыттарының бірі – аграрлық секторды дамыту. Есепті кезеңде 5,3 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады. Бүгінле облысымызда мал шаруашылығында 1000 (2017 жыл – 922), егін шаруашылығында 159 (2017 жыл – 119) шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жыл басымен салыстырғанда мал саны 43%-ға немесе 502 мыңнан 719 мыңға дейін өсті. Егін шаруашылығында 1100 гектарға егін егілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға, егін және мал өнімдерінің сапасын арттыруға «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында 1 млрд. теңге көлемінде субсидиялар бөлінді. Сондай-ақ, облыс әкімі 12 тамыз күні Ақтау қаласында өткізілетін Каспий маңы елдерінің 5-ші саммитіне дайындық жұмысына тоқталды. Халықаралық маңызы бар шараға Ресей, Түркменстан, Әзірбайжан, Иран елдерінің президенттері келеді. Саммит барысында тарихи маңызы бар құжат қабылданады, ол – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция. Сонымен қатар, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» және «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі» автомобиль жолдарының құрылысын бастауға, Құрық портында 2,5 миллион тонна жүк паромын жөнелтуге старт беру шаралары өтеді. Теңіз жағалауын, «Жар асты жолдары» нысанын қайта жаңғырту, қаланы көгалдандыру, безендіру, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel